бюджет

Қазіргідей нарықтық экономика кезеңінде мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржылық көзі болып табылатындықтан азаматтардың бюджет процесіне белсенді қатысуы маңызды. Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған шара осы мәселеге арналды.

Сорос-Қазақстан қорының «Азаматтардың бюджеттік процеске қатысуы» жобасын жүзеге асыру аясында өткен семинарды ашып, жүргізіп отырған жоба директоры Жібек Ахметова жобаның мақсаты және негізгі міндеттерімен таныстырды.

Азаматтар бюджеттік процеске қатысуы керек

-Аталмыш жобаның мақсаты–қоғамдық қатысу құралдарын пайдалану және мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу арқылы азаматтардың бюджет процессіне қатысуына ықпал ету,-деді ол.-Ал міндеті—мемлекеттік сатып алу порталына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша әкімдердің, жергілікті қауымдастық мүшелерінің, ауыл кәсіпкерлерінің әлеуетін арттыру және мемлекеттік сатып порталына жемқорлықтың орын алу қауіптері бойынша мониторинг жүргізу. Бюджет арқылы мемлекет экономикалық, әлеуметтік және саяси фунциялардың жүзеге асырырылуы, ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі қамтамасыз етіледі, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетед. Сондықтан азаматтардың бюджет процесіне белсенді қатысуы ерекше маңызға ие.

«Мемлекеттік сатып алу дегеніміз не? Тапсырыс беруші, мердігер дегеніміз кімдер?», «Мемлекеттік сатып алу барысын реттеуші заңнамалар» және басқа тақырыптарда Сорос-Қазақстан қорының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаев, жоба директоры Жібек Ахметова толық ақпарат берді.

Ж.Ахметованың айтуынша, жоба аясында жергілікті атқарушы билік органдарының мамандарына, әлеуетті жұмыс жасаушы ауыл кәсіпкерлеріне, жергілікті қауымдастық мүшелеріне «Бюджеттік процесс. Мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында тренингтер сериясы ұйымдастырылатын болады. Оқу барысында қатысушылар бюджеттік процесске қатысу мүмкіндіктері мен жолдарын талқылап, мемлекеттік сатып алу порталының жұмысымен және мемлекеттік сатып алуларға мониторинг және талдау жүргізу әдісімен танысады. Сондай-ақ жоба аясында мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу жоспарлануда. Мониторинг мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері мен қосымша келісім-шарттар жүргізілетін болады. Одан бөлек, жоба аясында мониторингтің және жалпы жобаның нәтижесімен таныстыру үшін сұхбат алаңдары ұйымдастырылады. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, белсенді азаматтар қатысады.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Азаматтар бюджеттік процеске қатысуы керек