Дезинсекция (лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылатын санитарлық шаралардың бірі. Дезинсек­цияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олар­дың өсіп­-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Десекте қазіргі таңда жеке меншік рұқсатсыз қызмет етіп жатқан дезин­секциялық ұйымдардың көбеюі, сапа­сыз дезинсекциялық жұмыстардың жүр­гізілуі халыққа зардабын тигізуде.

Айта кетсек, Мұнайлы ауданында 2018 жыл­дың қараша айында Маңғыстау ауы­лынан қандалаға қарсы сапасыз де­зинсекциялық жұмыстар жүргізу сал­дарынан тұрғындарға зардап (2 адам­ның өлімімен аяқталды) келді. Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы маман­дарының жүргізген эпидемиологиялық зерттеуі барысында Маңғыстау ауылындағы 42 үйдің тұрғыны үйінде қандала шығуына орай, әлеуметтік желі арқылы жеке меншік дезинсекциялық ұйымын тауып, үйіне дезинсекциялық жұмыстар жүргізген. Сол үйден улану жағдайымен шұғыл хабарлама келуіне орай эпи­демиологиялық зерттеу барысында подъездде өткір химиялық иістің бар екендігі анықталып, зерттеу жүргізуге «Ұлттық сараптама орталығы» ма­мандары шақырылып, 42­-ші үйге хлор, азот, аммиак, уксус қышқылының ауа­дағы мөлшері зерттеліп, зерттеу нә­тижесінде аммиактың мөлшері 10­-15 есеге жоғары екендігі анықталды. Яғни, дезинсекциялық жұмыс­тың сапасыз жүргізілгенінің, дезин­секциялық құрылғылардың мөлшері шамадан тыс екеніне дәлел. Аталған дәріні Ақтау қаласындағы 22 шағынауданда орна­ласқан базардан алған «Квикфос» таблетка түріндегі дәрі­-дәрмегін қол­данған. Алған дәрі­-дәрмегінің құрамы, қолдану әдістері туралы ақпарат білмейтіні анықталды. Дезинсек­циялық жұмыс жасаған тұлғаға қылмыстық іс қозғалды.

Жоғарыда айтылғандарды болашақ­та болдырмау мақсатында тұрғындар назарына дезинсекциялық жұмыстар жүргізуге сұраныс жасау барысында төмендегі қауіпсіздік шараларын сақ­тауы сұралады.

  • Дезинсекциялық жұмыстар жа­сайтын құрылғылар Қазақстан Респуб­ликасында рұқсат етілген болуы тиіс (оны мына сайттан қарасаңыз болады: mz.gov.kz).
  • Жұмыс жүргізу үшін жасы 18-­ден кем емес арнайы медициналық талап­тарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.
  • Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.
  • Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнайы оқу­-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
  • Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы бо­луы керек.
  • Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
  • Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талап­тарына сай арнайы киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.

Дезинсекция қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың бас­шылары:

  • дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;
  • өндірістік бақылауды, соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақ­тарды өткізу арқылы жүзеге асыруды;
  • халыққа, халықтың санитариялық­ эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведом­ствосының аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіре­тін апаттық жағдайлар немесе техноло­гиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Объектілерде дезинсекциялық, дера­тизациялық іс­-шаралар объекті әкім­шісінің (тапсырыс берушінің) өкілі бол­ғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй­ жайдағы адамдарды іс­-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шара­лары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өң­деуге қатысы жоқ адамдардың, сондай­-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейтіндігін Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді.

Айнагүл САТЫБАЛДИЕВА,
Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы