2019 жылдың 3-6 қаңтар күндері Ақтау қаласындағы «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден, «Білім-инновация» лицейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға Түпқараған ауданынан барлығы 73 оқушы қатысты.

— Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 37, жаратылыстану-математикалық бағытқа 36 аудан оқушылары қатысқан дода білімді деген оқушыларымызды сынға салды. Толығырақ айтар болсақ, аудан мектептерінің облыстық олимпиадаға қатысы өте жақсы болды. Жалпы қатысушылар саны 73, яғни 22 ұл, 51 қыз қатысты. Барлық жүлделі орындар – 26 болса, І орын – 4, ІІ орын –5, ІІІ орын – 17-ге жетті. Оның ішінде гуманитарлық бағыт бойынша қатысқан 37 оқушының 18-і жүлделі орын , І орын – 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 11. Жаратылыстану бағыты бойынша 36 оқушы қатысса, жүлделі орын – 8, І орын – 1, ІІ – 1 және ІІІ орынды – 6 оқушы иемденді.

Маңғыстау облысының білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталған оқушыларымыздың барлығы дерлік Ақшұқыр мектеп-лицейінің оқушылары Зульфия Құбығұлова, Назгүл Жұмалы, Арман Қартжанов, Еркебұлан Қайыр болды. Осы басқарманың ІІ дәрежелі дипломымен Нұршат Абуханова, Тимур Харисов, Мирас Жұмасатұлы, Дильфуза Сұлтанова және Бүрлен Мұхан сынды М.Горький, Ақшұқыр, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейлерінің және М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының оқушылары марапатталды. Маңғыстау облыстық білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталған оқушылар қатарында Гүлжанат Сатыбалдиева, Ақбота Мизамбаева, Айкөркем Ұзақбаева, Айбат Бақытжанов, Динара Жұмағазиева, Анель Садуова, Інжу Жұмасат, Айкүміс Теңелова, Меруерт Артықбаева, Сағын Исметилла, Мөлдір Нонанова, Бауыржан Бақтыбаев, Сая Оңайбаева, Ғалиябану Мейрамқызы, Сәуір Елубай және Нарқыз Серікқызы сынды 17 оқушыларымыз бар. Арман Қартжанов, Қайыр Еркебұлан, Нұршат Абуханова, Мирас Жұмасатұлы республикалық додаға жолдама алды.

— Барлықтарының есімін мақтанышпен айта аламыз. Болашағынан үміт күттіріп отырған оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Республикалық олимпиадаға облыс намысын қорғауға қатысатын ауданымыздың дарынды шәкірттеріне табыс, жеңіс, сәттілік тілейміз!, — деді «Дарын» қосымша білім орталығының директоры Г.Қанжан бізге берген сұхбатында.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз