10 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, соның ішінде Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери қызметшілер мамандық бойынша емтихан тапсырды. Бұл даярлық сабаққа 22 мамандық бойынша 400-ге жуық инструктор-мамандар іріктеліп, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар қатысты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Жүргізілген даярлыққа  автомобильді техниканың мен жүргізушілер, броньды танктің жүргізушілері, техниканың көздеуші операторлар қатысты. Сонымен қатар  артиллерияшылар және барлау бөлімшелерінің мамандары да болды. Олар әртүрлі оқ-дәрілерді дұрыс пайдалуды, техника мен мүлікті қолдану қағидалары мен тәсілдерін үйренді.

 

1 айға созылған арнайы дайындық соңында, әскери қызметшілерінің үздіктері анықталды. Кіші сержант Эльдар Бузруков «Үздік бөлімше командирі» атанса, ал сержант Жалғас Адилов «Үздік танк командирі» болды. Сондай-ақ қатардағы жауынгер Александр Славский «Үздік нұсқаушы-оператор» және Радмир Алисанов «Үздік жүргізуші» атағын алды. Ал Иван Зелинский «Үздік гранатаатқыш» марапатын иеленді.

Бұл іс-шараның мақсаты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің айтуынша, әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Суретті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынды

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз