Жақында Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығында «Есірткісіз есті әлем» атты үздік театрландырылған қойылымдардың облыстық байқауы өтті.

Ұлт саулығы қағидасын дамыту және жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсаты көзделген осынау сайысқа өңіріміздің өнер ұжымдары белсенді қатысып, шеберліктерін байқатты. Олардың арасында өмірдің қиын белесінде аяқ асты есірткіге тәуелді болып қалған жігіттің оқиғасын нанымды баяндаған Абай мәдени-демалыс кешені жанындағы «Гвоздь» театры көрермендерді тәнті етті.

Бұған дейін де театрлар арасында өткен талай сайыстарда оза шауып, бірнеше мәрте жүлделі орындар иемденіп келе жатқан бұл ұжымның қойылымы осы жолы да сәтті шығып, Бас жүлдеге ие болды. Абай МДК мақтанышы саналатын театрдың жетістігін оның жетекшісі Надежда Насырованың еңбегінің жемісі деуге болады.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

«Гвоздь» театры облыстық байқаудың бас жүлдесін алды

2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз