7 мамыр, 9 мамыр мерекелеріне орай, аудандағы ауған соғысының қатысушыларына мейрам дастарқаны жайылып, аудан әкімдігі тарапынан Экспо билеттері тарту етілді.

Мерекелік шараны аудан әкімдігімен бірлесе кәсіпкер Арман Әлиев ұйымдастырды.  Басқосуға аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы Бердібек Назар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов, ауданның Құрметті азаматтары қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Жиында ауған соғысы ардагерлерінің облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары Қартбек Дүйсенбаев,  Мәтжан Шаулиев, Бердіхан Айдынбаев та болып,  қаруластарына көрсетіліп жатқан сый-құрмет үшін алғыстарын айтты.

Көңілді кештен кейін Нұрлан Төлегенұлы қонақтарды аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» саябағына бастап барды. Аталған алаңда салынып жатқан ескерткіш құрылысымен таныстырып, ардагерлердің  ұсыныс-пікірін тыңдады.

Аудан басшысының айтуынша, нысан күз айларында толықтай қолданысқа беріледі. Онда Мәңгілік елдің тұжырымын сипаттайтын, сондай-ақ Ұлы Отан және Ауғанстандағы соғысқа  қатысушыларға арналған кешендер мен ауданның жеті ауылын білдіретін бағандар бой көтермек. Оған қоса бұл жер болашақта жастардың демалып, спортпен шұғылдануына қолайлы орынға айналмақ.

Шахида ЖҰМАН

Экспо билеттерін тарту етті Экспо билеттерін тарту етті Экспо билеттерін тарту етті Экспо билеттерін тарту етті Экспо билеттерін тарту етті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз