«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Жасыл экономика Қазақстанның жеңісі мен жемісі» атты макеттер көрмесі өтті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің іс- қимыл жоспарына сәйкес студенттер арасында өткен облыстық «Жасыл экономика Қазақстанның жеңісі мен жемісі» атты макеттер көрмесіне қатысуға облыстағы 26 колледжден12 сұраныс түсіп, оның ішінен іріктелген 46 жұмыс қабылданып, 57 студент өз жұмыстарын қорғады.

ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттау, студенттердің Отанға, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсініктерін қалыптастыру, ғылыми ойларын дамыту және қолдау көрсету, түрлі салалар іс-әрекетінде озат жұмыс тәжірибелерін, білім  мен ғылым кеңістігінде меңгерген мамандығы бойынша жаңа жетістіктерін анықтау мақсатында көрмеде жасыл технологияларды дамыту,  балама қуат көздерін табу жолдары, өнеркәсіптік жаңашылдықтар, жаңа үлгідегі өнертабыстар мен инновациялық технологияларды қолданылып, жас шеберлердің қолдан жасаған бұйымдары дәріптеліп, шығармашылық дамуына қолдау көрсетілді.

Шараға Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінен – 8, Жаңаөзен политехникалық колледжінен – 5, Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжінен – 1, О.Тұрмағанбетұлы атындагы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінен – 5, Қарақия кәсіптік колледжінен – 4, ЖШС «Мейірбике» колледжінен – 1, ЖШС «Каспий өңірі «Болашак» колледжіне – 1, Маңғыстау политехникалық колледжінен – 5, М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінен – 2,  Маңғыстау облыстық медициналық колледжінен – 5, Маңғыстау энергетикалық колледжінен – 3, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінен – 3, Ақтау есеп-технологиялық колледжінен – 3 көрме қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен:

1 орын — О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің студенттері Абдулқасым Оразов, Тойлыбай Түркстанов «Желдің күшімен электр энергиясын өндіру және жарықтандыру»;

2 орын — Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Бағдаулет Айтнияз «Қоқысты сұрыптаушы» робот,  «Күн мен желден алынатын энергияны біріктіру»;

3 орын — Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Мейірман Үйсенов  «Макет ветрогенератора» макеттеріне берілді.

  1. «Жаңашыл» номинациясына — Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері Асхад Иманбаев, Алмас Избосынов «Схема включения вентиляции при загазованности помещения»;
  2. «Үздік технология» номинациясына — Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттері Ұлболсын Саламат, Жандос Ошақбаев «Талшықты — оптикалық байланыс желісінің абоненттік пунктке енуі»;
  3. «Өнертапқыш» номинациясына — Бейнеу гуманитарлық- экономикалық колледжінің студенті Аманғали Өтепов «EXPO-2017»  Техникалық көрмелер жобасы;
  4. «Үздік қолөнер» номинациясына – Қарақия кәсіптік колледжінің студенттер тобы;
  5. «Үздік идея» номинациясына — Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті Қанат Қалжанов «Көшедегі жарықтандыру фонарларын ауыстырудың тиімді тәсілі»;
  6. «Жасыл экономика белсендісі» номинациясына — М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің студенттері Оңдас Нұрлыханов, Қуаныш Мұханов «Маңғышлақ-Жаңаөзен жолына электрлі поезд жүргізу»;
  7. «Үздік дизайн» номинациясына – ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті Алтынбек Бөкенбаев «Теңіз жағалауындағы тамақтану ғимараты» макеттері лайық деп табылды.

Қатысқан студенттердің барлығына сертификат табыс етілді. 

Үміт ЖӘЛЕКЕ

экспо2017-870x436