Бүгін, яғни 10 сәуірден бастап Ақтау халықаралық әуежайына автобус қатынайды. Дәлірек айтсақ, Ақтау қаласынан мамандандырылған автомобиль ЦОН (ТҚКО) және әуежайға дейін автобус маршруты енгізіледі. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Ақтаудағы бөлімшесі  хабарлады.

Автобус 15-шағын ауданындағы ЦОН (ТҚКО)-нан басталып,  14,11, 12-шағын аудандары, «Олжа» сауда үйі, Сары базар, Басқұдық поселкесі бойымен жүріп өтіп,   мамандандырылған автомобиль  ЦОН (ТҚКО)-ға соғып, соңғы аялдама Ақтау әуежайына жетеді.

Ақтау қаласы – Мамандырылған ЦОН – Әуежай

Untitled-1

Аялдамалар атауы:

1.        15-шағын аудан – ЦОН
2.         15-шағын аудан – «Овация»
3.        14-шағын аудан «Неке сарайы»
4.        11-шағын аудан, 23-үй
5.        12 А-шағын аудан –  «Мечта» сауда үйі
6.        12-шағын аудан, 59-үй
7.        27-шағын аудан, «Бәйтерек» сауда үйі
8.        30-шағын аудан, «Олжа» сауда үйі
9.        31-шағын аудан, « Сары базар»
10.    Басқұдық «Плакат» — (Автодром  Плакат)
11.     Мамандандырылған ЦОН (ТҚКО)
12.    Халықаралық әуежай.

Әуежайға дейін жол жүру құны – 400 теңге болса, ЦОН-ға дейінгі жол жүру ақысы – 150 теңге.

— Маршрут 2 ай бойы тұрғындар үйрену үшін сынақ режимінде жүріп отырады. Жаңа бағыт үшін  «АсылТрансГрупп» ЖШС-ға қарасты 1 автобус қатынап бастайды. Бұдан кейін мемлекеттік сатып алу бойынша  хабарландыру жарияланып, автобустар санын көбейеді, — делінген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарламасында.

Автобус мына кесте бойынша жүріп отырады:

Қаладан шығу уақыты

Әуежайға келу уақыты Әуежайдан шығу уақыты Қалаға келу уақыты

08:00

09:00 09:20 10:20

11:00

12:00 12:20 13:20
13:40 14:40 15:00

15:20

16:00 17;00 17:20

18:20

18:40 19:40 20:00

21:00

 Айгүл ДӘДЕН