Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен жұма күні Ақтау қаласының теңіз жағалауында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты бұқаралық жастар акциясы болды.

Оған аумақтық департаменттің өкілдерімен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері, мемлекеттік органдардың, «НұрОтан» партиясы, «Азаматтық альянс» ЗТБ облыстық филиалы, «Жаңару» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Ал акцияның құрметті қонақтары ретінде шақырылған Лондон және Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалардың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, каратэден Азия чемпионы Наталья Солодилова жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық шараны қолдауға шақырды.

Бұқаралық акция барысында студент жастарға веложүгіріс ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмобына және облыстағы шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласқан шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы флайерлер мен буклеттер таратылды.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

IMG_9438

САЙТ

IMG_9425

САЙТ2