әскери кеме

Бүгін, 9 қыркүйек күні Ресейдің әскери кемелері бейресми сапармен Ақтау қаласының теңіз портына келді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Каспий теңізі аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген әскери-теңіз күштерінің өзара кездесуі 2 күнге жалғасады.  Олар өлкетану мұражайына, Қазақстан Халқы Ассамблеясына сапар жасайды. Сонымен қатар, екі елдің әскери-теңізшілері арасында футболдан жолдастық кездесу өткізіледі деп жоспарланған.

«Махачкала» кіші артиллериялық кемесімен Ресейдің әскери теңізшілері тәжірибе алмасу үшін келді.  Осындай мақсатта екі ел арасында жылына 3-4 кездесу өткізіледі. Бұл біздің Каспий теңізіндегі достық пен ынтымақтастығымыздың нышаны бола алады деп ойлаймын», — дейді «Алатау» мина-тралдық  кемесі командирінің көмекшісі Әділет Бағдабаев.

Ресейлік кеме Санкт-Петербург қаласында жасалып, 2012 жылы суға жіберілген. Каспий флотилиясының су үсті күштерін таяу теңіз аймағында және өзен учаскелерінде күшейтуге арналған экипаж құрамы 50 адамнан тұрады. «Махачкала» навигациялық, радиолокациялық, артиллериялық және зениттік зымырандық қару-жарақтармени жабдықталған.

«Ақтау портына тәжірибе алмасу, Қазақстанмен достық байланыстарды орнату үшін бейресми сапармен келді. Біз байланысымызды қолдау үшін Каспий достық теңізін пайдаланамыз», — дейді «Махачкала» кіші артиллериялық кемесінің командирі, үшінші дәрежелі гвардия капитаны Кирилл Александров .

Айта кетейік, Қазақстан әскери-теңіз күштері 1993 жылдың 2 сәуірінде ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Бастапқыда әскери-теңіз базасы  Ақтау қаласында құрылып, 1999 жылдың шілде айында әскери-теңіз базасы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Теңіз бөлімдерінің құрамына кірді.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер автордан

View this post on Instagram

Бүгін, 9 қыркүйек күні Ресейдің әскери кемелері бейресми сапармен Ақтау қаласының теңіз портына келді. Каспий теңізі аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген әскери-теңіз күштерінің өзара кездесуі 2 күнге жалғасады.  Олар өлкетану мұражайына, Қазақстан Халқы Ассамблеясына сапар жасайды. Сонымен қатар, екі елдің әскери-теңізшілері арасында футболдан жолдастық кездесу өткізіледі деп жоспарланған. #махачкалакорабль #ақтаупорты #маңғыстау #әскеритеңізкүштері

A post shared by mangystaumedia.kz (@mangystaumedia.kz) on