Сайлау дауыс беру

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 14.00-ге дейін Маңғыстау облысында сайлаушылардың 52,4 % өз таңдауын жасады. ҚР Президенттік сайлауында өңірде барлығы 390 мың адам дауыс береді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 9 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 % сайлау бюллетеньдерін алған.

Ақтөбе облысында сайлаушылардың жартысынан көбі, яғни 69,4 % өз таңдауын жасап үлгерген. Сайлауға келу белсенділігі бойынша Алматы қаласы соңында тұр. Сағат 14.00-ге дейін дауыс берушілердің 37,0 % ғана келген.

Жалпы республика бойынша 11 947 995 сайлаушы тізімге енгізілген.

Сайлау дауыс беруАйта кетелік, Қазақстан президенті сайлауына жеті кандидат түсіп жатыр:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәді-Бек Түгел.

Суреттер мен видеоларды түсірген Талант ҚҰСАЙЫН