сайлау дауыс беру

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Маңғыстау облысында сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07.00-де ашылды. Облыста 223 сайлау учаскесі жұмыс істейді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты

сайлау дауыс беру

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат таратты.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 9 маусым сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,8 % сайлау бюллетеньдерін алды», — делінген ақпаратта.

сайлау дауыс беру

Маңғыстау облысында сайлаушылардың 9,7 % өз дауысын берген.

Айта кетелік, облыста Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де, ал Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

сайлау дауыс беру

«Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған кабиналар,арнайы әшіктер қойылған. Сайлауға түсіп жатырған 7 кандидаттың бірдей көлемде мәліметтері толықтырылған. Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлауға қатыстыруға толық жағдай жасалған. Олардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған», — деп мәлімдеді аудандар мен қалалардағы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерген «Аманат» азаматтық платформасы.

Маңғыстау облысының қоғамдық бірлестіктері және белсенді азаматтардан құралған «Аманат» сайлаудың өту барысын таңғы сағат 06:00-ден бастап кешкі сағат 20:00ге дейін бақылайды.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ, 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

сайлау дауыс беру