saiyn Сайын стела

Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен батырлардың ұрпағы боздақтарын әрдайым еске алады. Сайын Шапағатов ауылында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай өткен шара осы ауылдағы орталық алаңда соғыстан оралмаған боздақтарға арналған стеланы ашу мақсатында ұйымдастырылды.

Сайын ауылындағы орталық алаңда бүгін Маңғыстау облысы және Түпқараған ауданы орталығынан арнайы қонақтар келіп, ауыл тұрғындарымен бірге мерекеге жасалған стеланың ашылу салтанатына қатысты. Оны Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғали Күзембаев ашты.

— Аудан бойынша әлі де болса, санын анықтауды қажет ететін деректерге жүгінсек, жүздеген жауынгер майдангерлердің елге оралмағаны, белгісіз кеткені байқалады. Оның ішінде біздің аталарымыз, туыс бауырларымыз бар екендігін естен шығармаймыз. Орталық алаңға келген әрбір жас, бүлдіршін біздің тарихымызда соғыс деген зұлматтың болғандығынан, онда біздің боздақтар ерлікпен қаза тапқанынан хабардар болып өседі деген ойдамыз, — дейді шара ұйымдастырушылары.

saiyn Сайын стела