pandus Жаңаөзен пандус

Жаңаөзендік қос жігіт «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері Асқар Ноғай мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС қызметкері Орынбасар Сейдов шаһарға 73 пандусты сыйға тартты. Олар замандастарын жақсылық жасап жарысуға, осы игі істер эстафетасын әрі қарай жалғасыруға шақырды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Олар орталық саябақта мүмкіндігі шектеулі жандар мен арба сүйреткен аналардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалмағанын байқап, осы олқылықты жоюға шешім қабылдаған. Жалақыларын жинап, 1 миллион теңгеге қажетті құрылыс метериалдарын алған.

pandus Жаңаөзен пандус

«Үкімет бізге не береді деп қарап отырмайық, керісінше біздер елімізге, халқымызға не бере аламыз деген, сондай ұстанымымыз бар. Себебі ертең болашақ артымыздан келе жатқан ұрпақ, балаларымыз қала үшін не істедің дегенде, осындай дүниелер жасадық деп айта алатындай жағдайда болайық деп жасап жатырмыз. Енді келесі эстафетамызды қаламызда көптеген кәсіпкерлер бар, мұнайшылар бар, соларға жолдағымыз келеді», — дейді Асқар Ноғай.

pandus Жаңаөзен пандус

Атап кетерлігі, бұл игі істер эстафетасын жалғастыруға ниет білдіргендер бар екен.

«Игі эстафетаны жалғауға «Жаңаөзен қайырымды жандар» тобы ниет білдіріп отыр. Олар қаладағы көпқабатты үйлерге үй нөмірі жазылған тақтайшалар орнатпақ», — дейді Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Құрманғалиев.

Суреттер Жаңаөзен жастар
ресурстық орталығының фейсбук парақшасынан