Болат Дүйсенбиев

Құрметті Қазақ елі, бар­ шаңызды жаңа 2019 жылмен құттықтай­мын! Елімізге тыныштық, хал­қымызға амандық тілеймін! Тә­уелсіз Қазақ елі өркендеп өсе берсін. Еш жамандық  болма­сын. Еліміздің барлық сала ма­мандарына үлкен жеңістер ті­леймін.

2018 жыл Маңғыстау облыстық Джиу­-Джитсу федера­циясы үшін табысты әрі сәтті жыл болды. Шәкірттеріміз түрлі республикалық, халықаралық, әлемдік додаларда топ жарып жүлде алды. Ерлер құрамы да, қыздар құрамы да өте жақсы көрсеткіштер көрсетті. Төрт жыл­да бір өтетін Азия ойындарында облысымыздың құрама мүшелері чемпион  болды.  Сондай-­ақ жер­лестеріміз күміс және қола медальдарды қоржынға салды. Кешегі өткен әлем чемпионатында 53 мемлекеттің ішінде мықты спортшылардың арасынан біздің жігіттер де озып шықты.

Жыл­ды қорытындылай келе біз – спортшылар былтырғы жетістіктерге ризамыз. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырын бағындырып, тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, әлемге таныту үшін аянбай тер төгетін боламыз.

Жаңа жыл­да жағымды жаңалықтар мен үлкен жеңістерге жетейік.

Республика бойынша 2018 жылдың «Үздік бапкері» атанған

джиу-джитсудан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы

Болат Дүйсенбиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз