Маңғыстау облысының прокуроры болып Ерлан Масғұтұлы Абаев тағайындалды, — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ерлан Абаев 1969 жылы туылған. Прокуратура органында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.

Павлодар облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі, осы облыстың Ертіс, Успенский ауданының, Павлодар қаласының прокуроры, Астана қаласы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының бастығы болып қызмет еткен.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Бас прокуратураның Департаментінің бастығының орынбасары, Департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

2018 жылғы шілдеден бері Маңғыстау облысы прокурорының міндетін атқарды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Бүгін сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 9 тамыздағы бұйрығымен М.К. Дүйсенов Бас көлік прокуроры, М.А. Қожабаев Шымкент қаласының прокуроры, Н.М. Әбдіров Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды.

Тағайындалған прокурорлардың барлығы да облыс прокурорлары лауазымы бойынша Президенттік резервте тұрған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз