қойлар мал

«Рәббім-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан көлемінде мектеп және балабақша, спорт зал секілді әлеуметтік нысандарды сапалы салумен аты шыққан мекеме.

Ұжымға жетекшілік ететін облыстық мәслихат депутаты Рәббім Борашев құрылыс жұмыстарын жүргізумен бір қатарда аудандағы мәдени-спорттық шараларға ат салысып, өзі де іс-шараларды ұйымдастырып жүрген қоғам белсендісі. Ол мекемедегі жұмысшылардың еңбегін бағалап, қажет кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуден де  қалыс қалған емес.

Мекемеде маңызды мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыруда басшының басты назарында болып келеді. Жаңашыл жан.

Соның бір көрінісі биылғы жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған шырайлы шырша мерекесі. Бұл мерекеге жұмысшылар түгел шақырылып, бала-шағаларымен келді.

Ән-жырмен әрленіп, көпшілік көңілін көтерген шарада Рәббім Борашев көпшілікті құттықтап, елудей жұмысшыларының әр қайсысына бір қойдан сыйлық беріп, балаларға базарлық таратып мәз-мейрам етті.

Осылайша құрмет пен ыстық ықылас, жылы лебізбен ақтілекке бөленген ұжым мүшелері жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Жарқын жаңалығы мен ізгілік нышаны бар бұл да «Рухани жаңғыруымыздың» бір көрінісі.

Кәрісбай ӘДІЛ

Тағы оқыңыз: Ойыншықтың көптігі баланың миына зиян болып шықты