Астана қаласындағы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын үлкен экраннан тамашалау мақсатында,  қала тұрғындары мен қонақтары  15 ықшамауданында орналасқан жағалауда  бас қосты. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, халық қалаулылары, мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп мекемелерінің, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің басшылары, ақсақалдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және мәдени зиялы қауым өкілдері, әскери қызметкерлер қатысты.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасынан шараның тікелей эфирде көрсетілуін көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тамашалады. Олардың арасында «Мангыстаумұнайгаз» қызметкері Рүстем Өтесін де бар. Рүстем әріптестерімен бірге салтанатты тамашалау арқылы уақытын пайдалы әрі көңілді өткізуге бел буыпты.

EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО)— Мен Қазақстанның азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң еліміз біраз қиыншылықтарды бастан өткізгені рас. Алайда жыл өткен сайын мемлеткетіміз ілгері дамып, қуатты бола түсті. Бүгінгі біз тамашалап отырған  халықаралық көрмеміз соның айқын дәлелі. Әлбетте, бұл зор жетістікке қол жеткізуімізге елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі орасан. Жағалауда «ЭКСПО-2017»-нің ашылу салтанатын тілкелей эфирде көрсететінін естіп, бұл шарадан тыс қала алмадым. Бұл жерге жиналған отандастарымның арасында ауызбіршілік пен отансүйгіштіктің рухын, елім үшін мақтанышты сеземін, — деді Рүстем.

Елімізде жахандық масштабтағы шара өткізіліп жатқанда, әрбір отанын сүйген азамат бұл оқиғаны назарынан тыс қалдырмайтыны анық. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің, шекара қызметі 2201 «А» әскери бөлімінде старшина болып қызмет етіп жүрген Қайыржан Бегалиевтің жадында халықаралық көрме керемет естеліктер қалдырды.

Расында да, бұл тамаша көрініс. Біз бүгін «ЭКСПО-2017»-нің салтанатты ашылуын көріп, көзайым болдық. «Конгресс-Орталыққа» әртүрлі елдердің президенттері кортеждерімен келіп жеткенін көріп, болып жатқан шараның маңыздылығын терең ұғына түсесің. Мен үшін елімнің халықаралық аренадағы беделі мен мерейі мен оның саяси және қоғамдық-экономикалық дамуы жолында қызмет ету – нағыз бақыт.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО) EXPO көрмесін ақтаулықтар бірге тамашалады (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз