Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу рәсімі аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі меймандар, шетел мемлекеттері мен үкімет басшыларын қарсы алды.

Солардың ішінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко салтанатты шараға ұлымен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы барлық мәртебелі меймандарды Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонында қарсы алып, фотоға түсті. Беларусь президенті хаттамалық қарсы алу рәсіміне Александр Лукашенко өзінің ұлы — Николаймен бірге келді. Айта кетерлігі, әдеттегі хаттама бойынша фотоға тек президенттер ғана түсетін-ді. Соған сәйкес, Лукашенконың ұлы бірден қонақтар жайғасатын орынға қарай бет алды. Беларусь басшысы артына қарап, өз ұлын шақырып көрді. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Николайға қол бұлғап, фотоға түсуге шақырды. Сөйтіп, Белурась Президентінің ұлы — Николай Лукашенко екі президенттің жанына тұрып, фотоға түсті. Айта кеткен жөн, Беларусь басшысы Александр Лукашенко кіші ұлы Николайды үнемі өзімен бірге ертіп жүреді. Николай 12 жасқа толмай жатып Владимир Путин, Дмитрий Медведев, Мишель мен Барак Обамамен, тіпті екі бірдей Рим Папасы — Бенедикт XVI және Францискпен кездесіп үлгерген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз