АСТАНА. ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО қалашығындағы қазақстандық павильонда мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші болып ЭКСПО аумағына Чехия Республикасының Президенті Милош Земан келді. Содан кейін  Н. Назарбаев ЭКСПО қалашығы аумағына жеткен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельді, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевты, Армения Президенті Серж Саргсянды, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті,  Сербия Президенті Александр Вучичті, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиді, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді, Беларусь Президенті Александр Лукашенконы, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржды, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедовті, Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шарифті, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, Испания королі Филипп VI, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путинді қарсы алды.

Елбасы ЭКСПО-ға келген мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алды Елбасы ЭКСПО-ға келген мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алды Елбасы ЭКСПО-ға келген мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алды Елбасы ЭКСПО-ға келген мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алды Елбасы ЭКСПО-ға келген мемлекет және үкімет басшыларын қарсы алдыОлар Қазақстан экспозицияларын тамашалап, көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысты. «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасады. Концерт аяқталған соң көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тамашалайды.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. 2012 жылдың 22 қарашасында Париж қаласында өткен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) EXPO халықаралық бюросының Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша, Астана 103 дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын басып озды. Аумағы 25 гектарды құрайтын Көрме кешенінде 115 мемлекеттің павильоны орналасқан.

Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және 100% жаңартылатын энергия көздері есебінен өмір сүретін алғашқы ел — Коста-Рика бар.  БҰҰ, ШЫҰ, МАГАТЭ, ЭСКАТО сынды 22 халықаралық ұйым да «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады. Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сүйенсек, Көрме өтетін үш айда Астанаға 2,4 миллион адам келеді. Олардың 15 проценті — шетелдік туристер.

ҚазАҚПАРАТ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз