Өңіріміздегі ірі өндіріс компаниялары және әкімшіліктің қолдауымен облысымызда 1750 бала Экспо-2017 көрмесін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бүгін Маңғыстау вокзалынан олардың алғашқы легін ата-аналары мен мұғалімдері  Елодаға шығарып салды.

-Жаңаөзен қаласынан барлығы 470 бала барады. Соның алғашқы легі – 95 бала бүгін жолға шығып жатыр. Олар халықаралық дәрежедегі көрмені, ондағы заманауи технологияларды өз көздерімен тамашалайтын болады. 12-14 жас аралығындағы мүжәлсіз отбасының балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері таңдалып алынды. Бұдан кейінгі лек  13 маусымда аттанады. Жалпы 5 лекпен осы маусым айында барлығы да көрмені тамашалайтын болады, — дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы Чушбаева Сәуле.

Еліміздегі айтулы оқиғаға куә болғалы тұрған оқушылардың қуанышы жүздерінен байқалады. Мәселен, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің 9-сынып оқушысы Әзірбай Ақжол бұл жолғы Астанаға сапарының ерекше дейді:

-Экспо-2017 көрмесіне баратынымды апайымнан естідім. Қатты қуандым. Барлық бара жатқан достарыма, таныстарыма сәттілік тілеймін. Астанада бұрын да болдым. Бірақ мына халықаралық көрменің орны ерекше деп ойлаймын. Себебі елімізге көптеген туристер, қонақтар келеді.

Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды

Балаларды шығарып салушы қаумалаған топтың  арасынан ата-аналарды бірден аңғаруға болады. Олар бір жағы – кішкентайын жыраққа жіберуге жүрексініп тұрса, бір жағы – мұндай мүмкіндік берілгеніне дән риза.

-Менің немерем де кетіп бара жатыр. Биыл гимназияда 6-сыныпты бітірді. Осындай мүмкіндік сыйлап жатқан мектеп ұжымдарына, әкімшілікке рақмет. Жақсы өткізіп, аман-сау барып келсін, — деп қуанышымен бөлісті Жаңаөзен қаласының тұрғыны Жания Байтөбетова.

Бүгін барлығы 103 адам жолға шықты. 95 бала, мұғалімдер және дәрігерлер. Облысымыздың барлық аумағынан оқушылар көрмеге барады. Онда оқушыларға Астана қаласы туризм колледжінің жатақханасы жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, арнайы дайындалған. Қолданысқа қажетті нәрселердің барлығы жаңадан сатып алынған. Балалар сонда тұрады, үш мезгіл тамақтанатын болады.

Елордаға түскен күні «Бәйтерек» монументін тамашалайды, Хазірет Сұлтан мешітіне барады. Келесі күнді толықтай  Экспо-2017 көрмесін аралауға арнайды. Сондай-ақ, «Думан» ойын-сауық орталықтарына да саяхаттау жоспарланған.

Балалардың келесі топтары 13, 15, 17, 19, 21 маусым күндері кезек-кезек Астанаға сарап шегіп отырады.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Қуаныш ИСМАИЛОВ

Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды

Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды
Балалардың жолдағы азығы

Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттандыЖаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз