Маңғыстауда «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар премиясына құжаттар қабылдау басталды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Жас тұлпар – 2019» облыстық жастар премиясы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткелі отыр. Жастар премиясы 8 негізгі және 2 арнайы номинация бойынша тапсырылады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі

«Үздік жас спортшы» – спорт әлемінде биік шыңдарға жетіп, жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосқан және жетістікке жеткен жас спортшы

«Жас дарын» — өңіріміздің мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарған, өнер саласында өзіндік орны бар жас талант иесі

«Жас ақын» — ақындық шеберлігімен көзге түсіп, республикалық және халықаралық мүшәйраларда үздік атанып, әдебиет саласының дамуына үлес қосқан шығармашыл жас

«Мұнай саласының үздік жас маманы» — еліміздің мұнай саласында қызмет етіп, жоғары кәсіби шеберлігімен ел экономикасының дамуына үлес қосқан жас мұнайшы

«Жас өнертапқыш» — республикалық және халықаралық ғылыми және инновациялық байқауларға қатысып, авторлық жобаларымен еліміздің ғылым саласының оң имиджін қалыптастырауға үлес қосқан жас өнертапқыш

«Үздік волонтер» – халықаралық және республикалық іс-шараларда, іс – түссіз жоғалып кеткен азаматтарды жедел іздестіру шараларында волонтерлік қызмет көрсетіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және қамқоршысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік және адрестік көмек көрсетіп жүрген волонтер

«Үздік жас журналист» – журналистика саласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысып, өңір тұрғындарына БАҚ беттерінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, жастар жетістіктерін насихаттауға үлес қосқан жас журналист

«Жас көшбасшы» – өңіріміздегі жастармен жұмыс жасаудың тиімді құрылымын сапалы түрде құра отырып, жастар тобын айрықша білімі мен қабілетін, көшбасшылық дағдысын пайдаланып мемлекеттік жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосқан жас көшбасшы.

Арнайы номинациялар:

«Бейбіт кезең батыры» – байқауға 20-29 жас аралығындағы облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен қылмыстық іс әрекеттер кезінде адам өмірін сақтауда ерлік үлгісін көрсеткен жас қаһарман

«Жомарт жүрек» – әлеуметтік мүжәлсіз топтардың өкілдеріне, сонымен қатар ардагерлер, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп, қайырымдылық шараларымен айналысатын жас.

Байқауға қатысушылар 30 қарашаға дейін құжаттарын тапсыра алады. Сондай-ақ құжаттар келесі реквизиттер бойынша 130000, Ақтау қаласы, 6 шағын аудан, «Жастар үйі» ғимараты, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы, 5 кабинетте қабылданады. Байланыс телефон/факс:  8 (7292)  60-33-12