жұбаниязова

Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Г. Жұбаниязоваға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Азамат А.Утебаевтың тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жөніндегі өтініші жан-жақты қаралмай, өтініш иесі бірнеше рет шағымданған. Сонымен қатар өтініште көрсетілген жер учаскесін алу үшін кезекке тұру және одан кейінгі кезегі бойынша сәйкессіздік расталған.

Аумақтық департамент тарапынан Жаңаөзен қаласы әкімдігіне тиісті қызметтік тексеріс жүргізіп, өтініш иесіне сапалы жауап беру бойынша ұсыным жолданған. Алайда, жер қатынастары бөліміне қызметтік тексеру жүргізілмеген, кемшіліктерді жою бойынша қажетті шаралар қабылданылмаған және өтініш иесіне нақты толық жауап берілмеген.

Бұл жағдай лауазымды тұлға Г. Жұбаниязова тарапынан азамат өтініші бойынша тиісті дәрежеде қадағаланбаған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, осы оқиға болған кезеңде Г. Жұбаниязова бөлім басшысының міндетін атқарған.

Әдеп кеңесінің мүшелері тәртіптік істің құжаттарын сараптап, азаматтың өтініші тиісті дәрежеде қаралмауы себепті қызметкер Г. Жұбаниязоваға қатысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

Сурет ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінен алынды