Алуадин Орақов

«Ауылыңда  қарияң болса, жазып қойған хатпен тең» деп халқымыз тектен-тек айтпаса керек. Жеңіс мейрамы қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері Боранқұл елді мекенінде тұратын соғыс ардагері Алуадин Орақовтың үйіне барып, мерекемен құттықтап құрмет көрсетті.

Алуадин Орақов 18 жасында соғысқа аттанып, алты ай Челябинск облысында оқу-жаттығу дайындығында болып, 90-шы гвардияда 272-ші атқыштар полкінде соғысқан.  Соғыстан кейін елге оралып, ауылда екінші есепші, бас есепші болып зейнет жасына дейін қызмет атқарған.

Кездесуде Алуадин атамызға дәм сыйлықтар ұсынып, қасиетті де киелі саналған Рамазан айында кітаптардың ішіндегі ең ұлысы Құран Кәрімді сыйға тартты.

Ардагер ата 95 жасқа толса да, көзілдіріксіз Қасиетті кітаптан сүре оқып берді. Мерекеге орай құрмет көрсетіп келген департамент ұжымына өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, батасын берді.

Үміт ҚАЗДАЕВА