Нұрсұлтан Назарбаев Президент

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап mangystaumedia.kz хабарлайды.

Айта кетелік, 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі бесінші саммит өтті. Оған Каспий теңізінің жағасындағы бес мемлекеттің президенттері қатысқан еді.

Саммитте қол қойылған Конвенцияға сәйкес, аумақтық сулар ені 15 теңіз милі етіп белгіленді. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары жалғасып жатыр, мұнда әрбір мемлекет балық кәсіпшілігімен айналысуға құқылы. Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі ортақ су кеңістігі болып қала береді. Сондай-ақ мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы елдердің туы бар кемелері еркін жүзе беретін болады.