beineu Бейнеу ауданы

69 мыңнан аса халық тұратын Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов тұрғындар алдында есеп берді. 

2018 жылы Бейнеуде жаңадан 3 270 жұмыс орны ашылған, оның 2 743 — тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 2 058 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 70 адам әлеуметтік жұмыс орынына жіберіліп, 228 жас уақытша жұмысқа қабылданып, одан 92 жас тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бүгінде Бейнеу ауданында 120 дәрігер мен 493 арнаулы орта білімді маман жұмыс жасайды. Орталық ауруханада гемодиализ қондырғысы арқылы 9 науқасқа емдеу шаралары жүрзіліп, былтыр 2 хронодиализ аппараты мен рентген аппараты, жедел жәрдем бөлімшесіне 1 санитарлық автокөлік алынған.

beineu Бейнеу ауданы

«Білім беру саласы бойынша 2018 жылы 5,8 млрд теңге қаржы бөлінген. Аудандағы 2 арнаулы оқу орнында 1 189 студент және 24 білім беру ұйымында 17 707 оқушы бар. 21 балабақшада 2 441 сәби тәрбиеленіп отыр. 150 орындық екі жекеменшік балабақша ашылды. Биылғы 125 орындық екі балабақша ашылады», — деді Б. Әбілов.

Демеушілердің қаржысымен Бейнеуде 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені және жабық бассейні, Есет ауылында жаттығу залы мен Боранқұл ауылында екі спорт алаңы салынып жатыр.

Өндіріс және кәсіпкерлік саласы бойынша жыл басынан бері 466,7 мың тонна мұнай мен 1321,1 млн текше метр газ өндірілді.

Бейнеу ауданында астық терминалы жұмыс істейді. Былтыр Ауғанстанға 136 тонна, Өзбекстанға 1 786 тонна ұн экспорттап, 11 775 тонна ұн, 4 384 тонна жем өндірді. Аудан әкімі шығарылған ұнның көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 85 тоннаға көп екенін айтты.

un testo ұн

Бейнеуде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 418-ге жеткен. Аудандағы 10 598 адам осы салада жұмыс жасайды. Олар 1,1 млрд салық төлеп, аудандық бюджеттің меншікті кірісінің 35,3 пайызын құрады.

«Өңірлік «Нұр капитал» жобасы бойынша ауданда 362 млн теңгеге 29 жоба қолдау тапты. Бүгінде 6 кәсіпкер 77,1 млн теңге несие алып, кәсібін бастады», — деп атап өтті Б.Әбілов.

Жалпы ауыл шаруашылығының көлемі былтыр 3 128,0 млн теңгеге жеткен. Мал сою пункті 312 тонна ет тапсырса, жылыжай кешені 20 тонна өнім, «Ғибрат» шаруа қожалығы 30 тонна қауын, қарбыз өсірген. Бұл ауданда 800 адамнан астам еңбек ететін 242 шаруа қожалығы тіркелген.

beineu Бейнеу ауданы

Бейнеубек Әбіловтің халыққа есеп беру кездесуіне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, аудан басшысына бірқатар тапсырма берді. Бейнеу ауданына қарасты бірнеше елді-мекенді аралап, тұрғындармен кездесті.

Ақпаратты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды.

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз