Каспий жұлдызы

Қаңтар айының аяғында  Ақтау қаласында «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, балалар мен жасөспірімдер арасында II республикалық «Каспий жұлдызы» байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – әлемдік және отандық мәдениетінің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын оятып, дарынды балалар ұжымдарын қолдау болып табылады.

Байқауға қатысушылар – аспапта орындау (домбыра, қобыз, скрипка, баян, шертер, жетіген, прима, фортепиано),  ансамбль (домбыра, қобыз, фольклор т.б.), вокал (эстрадалық, академиялық вокал және дәстүрлі ән, жыр-терме),  хореография (жеке биші және топтық), көркемсурет аталымдары  бойынша  бақ сынады. Және  қатысушылар үш топта өнер көрсетті  – Кіші топ: 10 жасқа дейін, Орта топ: 10–12 жас, Үлкен топ: 13–15 жас арасында қатысты.

Бұл байқау Маңғыстау облысындағы қала мен аудандардан жиналған жас дарынды балғындардың басын бір сахнада біріктірді. Әр үміткер бір шығармадан орындады. Іс-шараның ашылу салтанатын «Ұлыс» қоғамдық қорының вице-президенті Нұрболат Мусағалив сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дарынды балаларды анықтап, өнерге деген қызығышылығын арттыра түсетін, төл өнерімізді дамытуға бағытталған байқауда «Мұнайшы» мәдениет үйінен шығармашылық көркемөнерпаздар «Жеті саз» ,«Қосалқа», «Саз», «Әуен» домбыра үйірмелері және «Әсем саз» домбырашылар ансамбілі мен «Домбырашылар» ансамбілінің оқушылары белсенділік танытып, жақсы деңгейде қатысты.

Өнер жанашыры, дарынды балаларды сахнаға бейімдеп, жас балғындардың шығармашылық бастауларға қолдау көрсетіп жүрген «Өнер» мекемесі басшысы  Утебаева Дәмелі Қожаназарқызына алғысымызды білдіреміз.

Шәкірт тәрбиелеуде, бар білімін баланың бойына сіңіріп, қазақтың домбырасының қыры мен сырын үйретіп жүрген ұстаздардың еңбегінің көрінісі болса керек. Бұл байқаудың ақтық кезеңінде жеңімпаздар қоржындарын жеңіске толтырып, жүлделі орындармен оралды. Есімдерін атап айтқанда: Мейрамгүл Иламанова жетекшілік ететін «Әсем саз» домбырашылар ансамбілі I дәрежелі лауреат, шәкірттері: Ұзақбай Болпан II дәрежелі лауреат, Жангабай Берекет II дәрежелі лауреат, Орынбасар Ақбота II дәрежелі лауреат, Уваев Уалихан III дәрежелі лауреат, «Домбырашылар» ансамбілі III дәрежелі лауреат жетекшісі Айжамал Есибаева, шәкірті: Мадина Аманова III дәрежелі лауреат, «Жеті саз» домбыра үйірмесінің жетекшісі Құралай Багайдарова, шәкірті: Ербулат Дина III дәрежелі лауреат, «Әуен» домбыра үйірмесінің жетекшісі Сегізбаева Гүлдана, шәкірті: Айдарова Ұлболсын III дәрежелі лауреат атанып, диплом және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар өнерлі өрендердің талантын шыңдауда тынбай ізденіп, еселі еңбек етіп жүрген әрбір жетекшілерінің  еңбегін бағалап, байқауға ерекше атсалысып шәкір дайындағаны үшін үйірме жетекшілері «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Шара соңы марапаттау рәсімі гала-концертке ұласып, байқаудың бас жүлде иегерлері өз өнерлерін тарту етті. Жас өнерпаздарға шығармашылық табыс, шығар тауы биік, алар асулары мол болсын демекпіз.

Құралай БАГАЙДАРОВА,
«Өнер» МКҚК-ны домбыра үйірмесінің жетекшісі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз