dron дрон жаңа мамандық
Сурет mirquadrocopterov.ru сайтынан

Қытайда 15 кәсіп түрі ресми түрде жаңа мамандық деп танылды. Олардың арасында киберспортшы, жасанды интеллект маманы және дрон операторы бар, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Жаңа тізімді Қытайдың Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамту министрілігі бекіткен. Киберспорт алғаш рет 2018 жылы Азия ойындарына үлгілік спорт түрі ретінде қосылған. 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына киберспортшылар қатысуы мүмкін.

«Осы тізімдегі ең көп талқыланған мамандық киберспортшы болса, ең сұранысқа ие мамандық — дронды басқарушы пилот», — деп хабарлады the-tech.kz сайты.

Бұл — көрші елдің нарығында дрондардың тез таралуымен байланысты. Нарық жыл сайын 30%-ға өсіп отыр. Болашақта дрондарды жүк әуе тасымалы мен ауыл шаруашылығында пайдалану жоспарланған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз