NASA Mars sound Марс желі

NASA ғалымдары «Марстағы InSight ғарыш зонды арқылы желдің дыбысы жазылып қалды» деп мәлімдеді. Қараша айының соңында қондырылған құрылғы Марстағы ең алғашқы аудиожазбаны жазып алған. 

«Естисіз бе, NASA InSight алаңшасында Марс желі соғып тұр. Ғарыш кемесіндегі сейсмометр мен ауа қысымының құрылғысы 2018 жылғы 1 желтоқсан күні сағатына 10-15 миль (16-24 км/сағ) жылдамдықпен соққан желдің дірілін сезген», — делінген NASА-ның ютуб желісіндегі хабарламасында.

Ғалымдар сейсмометрдің көрсеткіші адам ести алатын диапазонда екенін, бірақ дыбыстар жуан (бас) дауыста болғандықтан, ноутбук пен мобильді құрылғылар арқылы есту қиындығын айтады. Осы мақсатта ғалымдар бірден үш аудиожазбаны жариялады.

Олардың алғашқысы — Марстағы желдің өңделмеген жазбасы. Екіншісінде адамдар есту үшін дыбыс қаттылығы екі октаваға, үшіншісінде дыбыс жиілігі 100 есеге көтерілген.

InSight ғарыш аппараты Марста үш жылдай болады деп жоспарланған. Осы уақытта планетадағы барлық өзгерістер пен процестер бақыланбақ.

Сурет NASA инстаграм парақшасынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз