Маңғыстау облысы прокуратурасы жылу мен электр энергиясына баға қалыптасу саласында заңдылықтың сақталуына тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Мəселен, Бейнеу ауданындағы «Бейнеуэнергосервис» МКК заңнама нормаларын бұзып, монополияға қарсы органмен келіспей, 1 кВт электроэнергияға бағаны 0,4 тенгеге өсірген. Осы əрекетінің нəтижесінде мекеме 12,5 млн. теңге заңсыз табыс тапқан.

«Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпорын 1,2 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — деп мəлімдеді МО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратураның араласуымен, электр энергияның бағасы қайтадан 20,26-ден 20,03 теңгеге төмендеген.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Көрнекі сурет сайттың архивінен