Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда», делінген хабарламада.