Сурет сайт архивінен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысында көрсетілген: «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарына» сәйкес Қарақия аудандық орталық мешітінің ішкі және сыртқы жағына бейне бақылау камералары жаңартылып орнатылды. Заманауи, жоғарғы сапалы, 14 цифрлы бейне бақылауды “West dala” ЖШС демеушілік жолымен орнатып берді.

Ондағы мақсат — тұрғындар, жастар ең көп шоғырланатын, көпшілік жиі баратын нысанда терроризмге қарсы қорғалу жүйесі мен ашықтықты қамтамасыз ету. Осыдан бірнеше ай бұрын аудан басшысы терроризм мен қылмыс-қайшылық оқиғаларының, ұрлықтың алдын алу және жастар төбелесін болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарымен және аудан кәсіпкерлерімен арнайы жиын өткізіп, көпшілік сауда-саттық, ойын-сауық және қоғамдық орындарға бейне бақылау камераларын орнатуды тапсырған болатын.

Бұл өз кезегінде терроризмге қарсы күресті нығайтумен қатар аудан жастарының тәртібі мен имандылығына оң әсерін берері сөзсіз.

Қарақия ауданы әкімдігі кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын алу ісіне, жастар тәрбиесіне өз үлестерін қосуға шақырды.

Шынар КЕНДІН