Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы), Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс.

Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ, Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі де берілді.