дәрі-дәрмек

Қазақстанда тегін дәрі­-дәрмек алуға мұқтаж жандар жетерлік. Өйткені республика бойын­ша дәрі­-дәрмектің бағасы көпшілік үшін айтарлықтай қолжетімді болмауы мүмкін. Әсіресе созылмалы ауру диагнозы қойылған тұрғындар үшін қымбат бағадағы дәрілерді алу қиынға соғып жатады. Осы мақсатта мемле­кет тарапынан халықты тегін дәрі­-дәрмекпен қамтамасыз ету жолға қойылып келеді. Ал сіз тұрғын ретінде тегін дәрі алу туралы нені білуіңіз керек? Дәрі мен медициналық бұйымдарды қайдан ала аласыз? Мемлекеттен бөлінген дәрілер шын мәнінде мұқтаж азаматтың қолына жетіп отыр ма? Дәл осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Қазақстан Республикасының азаматы қандай да бір ауруға тап болған жағдайда бірден тір­келген медициналық мекемеге қаралады. Тиісті талдаулар тапсырылып, диагноз рас­талған соң диспансерлік есепке тұрады. Бірыңғай дистрибьюторға тапсырыс беріліп, учаскелік дәрігер рецепт жазып, науқас тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай­-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес беріледі (Қазақстан Республикасының Әділет министр­лігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте №15724 болып тіркелген. Осы бұйрық 01.01.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілді).

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа ре­дакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.03.2018 жылғы №105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа ен­гізілді) бұйрығы бойынша тегін дәрі­-дәрмекпен қамтылады.

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен те­гін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемі шеңберінде арнайы тізімдегі дәрі­-дәрмектер ғана тегін беріледі. Ал қалған дәрілер мемлекеттің кепілдігіне кірмейді. Бұл туралы егжейлі­-тегжейлі білгіңіз келсе, өзіңіз тіркелген емхана қызметкерлерінен, пациент­терді қолдау қызметінен сұрай аласыз.

Науқастар тегін дәрі­-дәрмек алғанын SMS арқылы растайды. Азамат дәрі алғандығы жөнінде қадағалаушы органдарға хабарла­уы қажет. Сіздің хат жіберуге бірер секунд уақытыңыз кетеді, сол арқылы мемлекеттік қор қаражаты пайдалы игі мақсатқа жұмсалып жатқанына үлес қосасыз!

Яғни пациенттерге маусым айының соңына дейін SMS-­хабарлама жолданатынын ескерт­кіміз келеді. Хабарлама жүйеге 2019 жылы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін тегін дәрі­-дәрмек алғандар ретінде енген тұрғындарға жіберіледі. Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттер SMS­ хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жол­дай алады немесе «СҚ­Фармация» ЖШС­-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалса бола­ды.

Ескерту: қоңырау шалу да SMS*­те тегін.

Біле жүріңіз! Дәрі­-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алумен «СҚ­-Фармация» ЖШС айналысады. «СҚ­-Фармация» препарат­тар мен медициналық бұйымдарды келісім­-шарт бекіткен медицина ұйымдарының өтінімі негізінде сатып алады. Кейбір науқастар «СК­-Фармация» жеткізген халықаралық атауы, құрамы бірдей дәрілік заттарды атауы басқа болса, алмаймыз деп бас тарту жағдайлары орын алуда. Аталған жағдай Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы құзырына кірмейтіндігін назарларыңызға береміз.

Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы