Маңғыстау сайлау комиссиясы
Асқар Рзаханов

Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы кезектен тыс ХХІІІ сессиясының № 23/289 шешімімен сайланған Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Мәжіліске 2019 жылғы 11 қаңтардан сайланған сайлау комиссиясының төрағасы мен оның орынбасары, хатшысы қатысты. Комиссияның мәжілісіне қала, аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, оның орынбасарлары және хатшылары қатысты.

Мәжілісте аумақтық комиссияның құрамын жинап, қызмет барысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе оның орынбасарлары және хатшылары өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады деп көрсетілген.

Бұдан былай Маңғыстау облысындағы 8 аумақтық сайлау комиссиясының 2 мүшесі толық күн жұмыс жасайтын болады. Аудандық, қалалық комиссиялардың жұмысын Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы үйлестіреді. Ал ол өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясына тікелей бағынады.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының Төрағасы Асқар Киікбайұлы Рзаханов, төрағаның орынбасары Исахан Қайнарбайұлы Сағынбаев және хатшысы Гүлшат Алтынғалиқызы Арзыгулова сайланған.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз