жаңа жыл безендіру үшін

Жаңа жыл қарсаңында Ақтау қаласын безендіру үшін мемлекеттен 4 миллион теңге бөлінді. Мұндай шешімді Ақтау қалалық маслихаты 2018 жылғы 28 қарашада қабылдаған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бөлінген қаражатқа 15 шағынаудандағы теңіз жағалауы мен 4 шағынаудандағы қалалық әкімдік алдындағы «Астана» алаңына жаңа жылдық шырша орнатылып, безендіріледі.

«Сондай-ақ орталық көшенің бойындағы бұтақтарды, талдарды, аршалар мен шыршаларды светодиодты тор түріндегі гирляндалармен көмкеріледі», — деп хабарлайды Ақтау қаласының әкімдігі.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Көрнекі сурет интернеттен алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз