Ospan Kulsymak Оспан Құлсымақ

«Мен қазақпын» мега-жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы Оспан Құлсымақтың «Сен қазақсың» шығармашылық кеші өтті. Екі сағатқа созылған өнер кешінде маңғыстаулық жұртшылық жыр-термеге сусындады.

«Мен қазақпын» жобасында қазылар алқасының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков «ұлы даланың академиясын бітірген» деген баға берген болатын.

«Ұлы даланың академиясын бітірген» жас жыршының алғашқы концертіне оның ұстазы белгілі жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмеков арнайы келіп қатысты.

Сонымен қатар, «Мен қазақпын» жобасының күй аталымы бойынша жеңімпазы ақтөбелік Ардақ Елеусіз бен ән аталымы бойынша жеңімпазы талдықорғандық Бейбіт Мұсаев кеш қонақтары болды.

Кеш барысында Оспан домбырамен, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен Ұзақбай Қазжанұлының «Мәжілісте сөз бастау», Ақтан Керейұлының «Болжауын», Қашағанның «Той бастары» сияқты көптеген жыр-термені  орындады. Концерт Оспан Құлсымақтың эстрада жанрында ақын Сабыр Адайдың сөзіне жазылған «Сен қазақсың» әнімен аяқталды.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Видеоны түсірген автор, суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз