ПАРАҚОРЛЫҚ

Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы 1 миллион теңге көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы жасырын тергеу іс-қимылдары кезінде ұсталған.

«Ол коммерциялық мақсаттарға жер телімдерін беруге көмектесемін деп жеке кәсіпкерден 1 миллион теңгені алдау арқылы алды деген күдік бар. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деді Ж.Бастарова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз