Халықаралық бокс федерациясы (IBF) отандасымыз Геннадий Головкинді чемпион атағынан айырды, деп хабарлайды statsport.kz.

Мұны федерация былай деп түсіндірді:

— Геннадий Головкин IBF қойған негізгі талаптарды орындаған жоқ. Атап айтқанда, 3 тамызға дейін үміткер Сергей Деревянченкоға қарсы атағын міндетті түрде қорғауға жазбаша түрде келісім беруден бас тартты. Осыған байланысты және Головкиннің өз салмақ дәрежесі аясында IBF рұқсат бермеген жарысқа қатысқаны үшін (5 мамырдағы В.Мартеросянмен кездесу) ол көрсетілген айыппұлды төлеуге тиіс.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Есімі естен өшпес

Бұдан былай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы бос. Жақында федерация негізгі екі үміткерді анықтап, олардың арасында белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұйымдастыра бастайды.

Головкин WBC, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып қала береді.

GGG IBF нұсқасы бойын әлем чемпионы атағын 2015 жылы 15 қазанда Давид Лемьеден (Канада) тартып алған болатын. Күні кешегі дейін ол осы атақты 5 рет табысты қорғады.

Алдыңғы«Заманынан ерте туған адам»
КелесіЖурналистер назарына!
Айгүл Дәден
2012-2014 жж, "Болашақ жасар" газеті, "Жастар үні" журналында журналист, 2013-2014 жж. "Qaznews.kz" ақпараттық порталында тілші, 2014-2015 жж. "Bilim Mediа Group" ЖШС-де аудармашы болды. 2016 ж. қаңтар айынан бері 7292info.kz ақпараттық сайтында редактор, 2017 жылдың қыркүйек айынан бері аталған сайтта журналист қызметін атқарады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз