Өткен айдың аяғында облыс орталығы Ақтау қаласында екінші жылы ұйымдастырылып отырған әскери патриоттық клубтар арасында «Айбын» жарысы өткен болатын. Сол жарысқа Түпқараған ауданынан аттанған М.Горький атындағы мектеп–лицейдің «Тұлпар» командасы қатынасып,  бірінші орын жеңіп алды.

Спорттық сайыстар мен түрлі патриоттық шараларда аталмыш мектеп оқушылары жетістіктерімен танылып келеді. Осындай жетістіктің бірі — барлығы 20 оқушының басын қосқан, М.Горький атындағы мектеп-лицейдің дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық пәнінінің мұғалімі Жоламан Тасбаев жетекшілігімен құрылған «Тұлпар» командасы облыс атынан республикалық жарысқа жолдаманы иеленді. 9 маусымда Қарағанды қаласындағы әскери полигонда өтетін республикалық жарысқа  аттанады.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз