Сейсенбі күні аудан әкімдігінде қысқа мерзімді курсты дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқып бітірген азаматтарға салтанатты жағдайда сертификаттар тапсырылды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев,  «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-нің жанында орналасқан «Кәсіптік оқыту орталығы» жетекшісі Иманбай Қуаныш, бас менеджері Әділет Адамұлы, 33 бітіруші маман иегерлері, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары дайын маман иелерін оқу курсын табысты тамамдауларымен құттықтай отырып, алдағы уақытта мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына сәттілік тіледі.  Сонымен қатар Е.Күмісқалиев мамандарға болашақта жұмыстарына адал болып, қоғамда өздерін дұрыс ұстай білулеріне  ақыл-кеңес берді. Келесі сөз кезегінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Жауынбайқызы:

-Құрметті маман иегерлері! Сендер бүгін сертификат алғалы отырсыңдар. Келешекте ерінбей еңбектеніп, жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер! Тек ғана алға ұмтылуды басты мақсат етіп қоя біліңдер дегім келеді. Студенттердің оқуға көңілді күйде бара жатқанын жиі байқайтынмын. Жүрген жүрістері сергек, бойларында ертеңгі күнге деген нық сенімді көретінмін. Жастарымыздың жағдайы жаман емес екеніносыдан аңғарыпжүрдім. Сендерге алдағы уақытта жұмысқа орналасуларыңа сәттілік тілеймін!,-деді. Бұдан соң «Кәсіптік оқыту орталығы» ЖШС-нің жетекшісі, серіктестіктің бас менеджері  Е.Күмісқалиев пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры М.Аманиязоваға бірлесіп қолға алған бастамаларының алдағы кезеңде де сәтті жүзеге асырыла беруіне тілектестік білдірді. Осыдан кейінмаман иелеріне көптен күткен сертификаттары табысталды. Жиналыс соңында дәнекерлеуші маман иегерлері атанған А.Ахметов, М.Мұхановтар бітірушілер атынан аудандық жұмыспен қамту орталығына, оқытушыларына рахметін айтып, алғыстарын жеткізді.

Майра ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз