Жайшылықта аңғара бермейміз, бірақ айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандар жетіп артылады. Олардың қай-қайсысымен болсын жақын сөйлесе кетсең, сау адамдардың көмектескенін жаратпайтыны байқалып тұрады. Тіпті, кездейсоқ көзқарасыңның өзі оған аяп, мүсіркеп жатқандай әсер қалдырады.

«Шипагер»  шипажайы мүгедектерді қабылдаудан бас тартқан

            Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай көмектесе аламыз? Олардың арман-мақсаты мен қалауын қалай жүзеге асыруға болады? Ең алдымен, мүгедек жан өзін  өзгелермен тең, он екі мүшесі сау адамдай сезінуі керек. Ол үшін  біз жиі баратын орталықтар да емін-еркін кіріп-шыға алатындай жағдай қарастыруы тиіс.

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)Мемлекеттiк стандарттарға сәйкес мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кiрiп-шығуына жағдай туғызу қажет. Осы мақсатпен ҚР жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес басшысы Сарман Байшылықтың басшылығымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанында қоғамдық бақылау жөнінде жұмысшы тобы бірнеше қоғамдық орындарды аралады. Ең алдымен қаладағы бірден-бір танымал демалыс орны  1-шағынауданда орналасқан «Шипагер» (бұрынғы «Шағала») оңалту орталығына бас сұқтық.  Қазақстанның түкпір-түкпірінен жұрт қызыға келетін «Шипагер» мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдауға дайын емес болып шықты. Каспийдің көкжиегі көз тартатын ерекше ғимаратқа өкініштісі – арбаға таңылған азаматтар кіруіне жағдай жасалмаған.  Мүгедектерге арналған сырғыма жол (пандус) бар болғанымен, биікке шығуға өте ыңғайсыз, әрі қол демейтін жиегі өте аласа орналасыпты.  «Мүгедектер түгілі, сау адамның өзі бұл жолмен жүре алмайды», — деп ағынан жарылды «Шипагер» демалыс орнының әкімшісі Айсұлу Омарова.

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)— Біз қызмет ұсынатын 6 қабатты демалыс орны мүмкіндігі шектеулі жандар үшін стандартқа сай келмейді, әрине. Себебі ғимараттың салынғанына 13 жылдан асып кетті. Ол кезде мүгедектер үшін ерекше жағдай жасау қарастырылмапты. Одан бері бірнеше күрделі өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, әуелгіде салынған ғимаратты өзгерту оңайға түспей тұр. Бұл жерде ең басты мәселе қаражат болып отыр. Жақын арада мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріс-тұрысына қолайлылық көрсете алмаймыз, — дейді ол.

«Шипагер» демалыс орны мүгедек жандарды қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы әкімшілікке жазған хатымызда ескертілді дейді қызметкерлер.  Тек қараушысы болған жағдайда ғана  ғимараттың ең кең бөлмелеріне орналастырады екен. Ал Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мамандары  Ақтаудағы жалғыз шипажайда жағдайдың жоқтығы  заңға қайшы келетінін айтады. Басқарманың бас маманы Думан Сағындық ғимаратта лифт пен ыңғайсыз пандустан өзге, мүгедек жандар үшін қолайлылық жоқ дейді. Лифттің кеңдігі, пандустың орналасуы да құрылыс ережесіне сай емес.  Ал ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңының 24-бабында былай делінген: «Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ, халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс».

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)Арнайы заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектердiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуі тиіс.  Осы орайда біз  ҚР жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес басшысы Сарман Байшылықты әңгімеге тарттық. Оның айтуынша, жұмыс тобы осы олқылықтардың орнын толтыруға жұмыстанады. Арнайы құрылған комиссия шипажай ғимаратына қатысты зерттеу жүргізіп, талап-ұсыныстарды жеткізген соң, нақты әрекетке көшеміз деп отыр. Ал мініп-түсуге қолайсыз пандусы ғана бар «Шипажай» ғимаратын көрделі жөндеуден өткізе ме, әлде мүлде ғимарат орнын ауыстыра ма, бұл жағы уақыттың еншісінде.

ЦОН-да мүмкіндік бар

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)Шипажайдан жабырқап шыққан көңіл 14-шағын аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде бір көтеріліп қалды. 2007 жылы салынған жаңа ХҚО (ЦОН)  мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына 80 пайыз дайын. Мүгедектерге арналған арнайы тұрақтан бастап, пандустың ақылға сыйымды биіктігі, сондай-ақ, пандусқа көтерілер жолда тұрған арнайы дыбыс құрылғысы лайықты қойылған. Мүгедектер сүйенетін жиегі де көзге оғаш емес. ЦОН-ға келген мүмкіндігі шектеулі тұрғын егер сырғыма жолмен кіре алмаса, сигналды басу арқылы қызметкерлерге келгендігі жөнінде ескерту қалдырады. Ал қызметкер келген жанды сүйеп кіргізіп, кезексіз шаруасын бітіріп беруге тиісті. Сондай-ақ, 1414 нөміріне қоңырау қалдырса, ЦОН қызметкерлері мүгедек жанның қажет құжатын үйіне барып, бітіріп бере алады.

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)— Әдетте мүмкіндігі шектеулі азамат елден ерекшеленгісі келмей, өз шаруасын бітіру үшін қоғамдық орындарда емін-еркін жүргісі келеді. Көп азамат телефон шалып, арнайы көмекті қолдануды құп көрмейді. Сол себепті халық ең көп жиналатын нысанда барлық мүмкіндік болуы шарт. Бұл мәселемен «Нұр Отан» партиясы  құрған бағдарлама аясында көптен бері жұмыс істеп келеміз. Биыл облыс бойынша 222 нысан, оның ішінде Ақтауда 20 нысан стандартқа сай емес екендігі анықталды. Ақтау бойынша 20 нысанға тексеру жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын боламыз, — дейді облыстық мәжіліс депутаты Сарман Байшылық.

Әзірге ЦОН-да мүгедек жандарға арналған арнайы дәретхана мен 2,3-қабатқа көтерілетін лифт жоқ.

— Қазір қалада тұрғындар саны күрт өсіп жатқандығын ескеріңіз. Десе де, мүгедек жандардың жоғары қабатқа көтерілуіне қажеттілік жоқ.  Телефон арқылы немесе тікелей тапсырыс қалдырған азаматтың үйіне барып, дайын құжатын бере аламыз. Мүгедектер орталыққа келгенде кішігірім кедергілер бар, мұны алдағы уақытта шешеміз, — дейді Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Айбек Мұзбаев.

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)Айбек Мұзбаевтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы 4 айында мүгедек жандардан  call-центрге 225 тапсырыс келіп түссе,  қызметкерлер 260 рет арнайы үйлеріне барып, 460 мемлекеттік қызмет көрсетіпті.

Мүгедек жандар Ақтауда тұруға құлықсыз (ФОТО)

Қандай да бір халыққа қызмет ететін нысан басышылығы мемлекеттік стандартқа сай келмесе, 40АЕК – 500АЕК аралығында айыппұл төлеуге міндетті. Өкінішке қарай, Ақтау – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ең қолайсыз аймақтың бірі.  Турасында, Маңғыстау өңірінде өмір сүрмек түгілі, қыдырып келуді қиын көретін мүгедек жандар өте көп. Көшелерде, тіпті күнделікті кіруді қажет ететін дүкен, дәріхана, мектеп, жалпы оқу орындарда өздігінен жүріп тұра алмайды.  Тек пайда көзін алдыңғы орынға қойып,   мүгедектерді қоғамнан алыстатып не ұтамыз?! Мемлекеттік талаптар бәріне ортақ дейін десек те, Заң БҰЗЫЛУ үшін пайда болғандай әсер қалдырады. Бір кем дүние…

Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген автор

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз