Әлемге әйгілі актер, каскадёр, кинорежиссер, продюсер, сценарист, трюктер мен ұрыс сахналарын қоюшы, жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан Астана қаласына ұшып келді. Кеше оны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев және бір топ белгілі тұлғалар мен қала тұрғындары күтіп алды.

Бұған дейін актердың елімізге келетіні жайлы ақпарат тараған болатын.

Джеки Чан Елордамызға айтулы шараға қатысу үшін арнайы келген. 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. Фестиваль барысында алты толықметражды фильм көрсетілмек. Оның ішінде әлемдік жұлдыздың «Кунг-фу Йога» фильмі де бар.

Бүгін жұлдызды қонақтың қатысуымен «Қазмедия» орталығының Киноконцерт залында шараның ашылу салтанаты өтеді.

Фестиваль ұйымдастырушылары – «Қазақстан» РТРК, Мемлекеттік ақпарат комитеті, China film group, «Казтелефильм».

Сондай-ақ, CCTV и Hunan телеарналары да шараға арнайы келген.

Джеки Чан Астанаға келді Джеки Чан Астанаға келді Джеки Чан Астанаға келді Джеки Чан Астанаға келді Джеки Чан Астанаға келді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз