Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай «Хан Шахар» салтанат сарайында Маңғыстау облысы әкімінің қатысумен мерекелік шара өтті.  Алқалы жиында соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлер   астан дәм алып, керемет кештің куәсі болды. Жыл сайын саны азайып бара жатқан соғыс майдангерлері жайында естелік-әңгіме айтылды. 

"Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО)Алғаш сөз алған Маңғыстау облысы әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов:

– Қиындықты  көзімен көріп, жүрегімен сезінген жан ғана бүгінгі тәуелсіздікті зор бағалайды. Бүгінгі желбіреген туымыз үшін, бейбітшілік заманымыз үшін төрде отырған ардагер аға-апаларымызға қарыздармыз. Қан майданның ортасынан оралған азаматтар арамызда отыр. Сол майданнан оралмай, азаттық үшін қаза тапқан марқұмдардың рухына тағзым етеміз.  Келешегін ойлайтын өркениетті ел алдымен өз шекарасын бекіту керек, өз тәуелсіздігін нығайтып, әскерін күшейту қажет. Қазақстан  бүкіл дүние жүзіне белгілі, тұғыры биік, керегесі кең елге айналды.  Қасық қаны қалғанша қорғаған тұлғаларымыздың өр рухын биіктету үшін аманат еткен жерін қорғауға міндеттіміз. Отан қорғаушылар күні құтты болсын! – деп әскери қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

– Бүгінгі мереке – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген мейрам. ҚР Президенті бұдан 25 жыл бұрын «Отан қорғаушылар» күнін атап өтті. Сол кезеңдерде біз Әскери қызметкерлер туралы бірнеше заңнамаларды шығаруға атсалыстық. Барлық тұрғындарды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әсери қызметтегі азаматтарға Отан қорғау жолында аянбай еңбек ете берсін, талаптары оң болсын дегім келеді., Елімізде еш жаманшылық, соғыс болмасын, — деп тілек білдірді  ардагер Парламент депутаты, зейнеткер Қайролла Ережепов.  

ҚР қарулы күштерінің ардагері Амангелді Өтегеновтің айтуынша, бұл мереке бәріне ортақ.

–  Бүгін Отан қорғаушылар күні ұлдардың не қыздардың, болмаса әскери қызметкерлердің ғана мерекесі емес, тұтас ұлттық ортақ қуанышы, мейрамы. Бейбіт заман бізге оңай келген жоқ. Ендеше Жеңіс күніне қарай бұл мерекенің атап өтілуі өте орынды деп ойлаймын. Барлық азамат бұл мерекені тойлауға, шүкірлік етуге міндетті. Әскер қатарында көп жыл қызмет атқардым. Қазір зейнетте шықсам да, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери күштерінің бір бөлімінде жұмыс жасаймын. Бүгін жер-жерде әскери күштердің маршы өтіп жатыр. Бұдан қарулы күштердің бекігендігі көрініп тұр, — дейді ол.

Мерекелік шарада көзіне қуаныштан жас алған ардагерлер болды. Олар бүгінгі бейбіт заманға шүкірлік етті.  Салтанатты жиында елеулі еңбек еткен әскери қызметкерлер марапатталды.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ  

"Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО) "Хан шахарда" соғыс ардагерлері мен әскери қызметкерлер бас қосты    (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз