Кеше «Арман» жастар орталығында 7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын және 9 мамыр Ұлы  Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған патриоттық Форум өтті. 

Шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранымен ашылып,  «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  басшысы Нурдәулетов Аманғали Сулейменұлы құттықтау сөзін сөйледі. Ұлы Отан соғысының ардагері, форумның құрметті қонағы – Нечаев Виктор Василийұлы  тілегін арнап, жиналғандарға ақ батасын  берді.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының  Ауғанстан ардагерлері мен мүгедектер одағы бірлестігінің төрағасы Дүйсенбаев Қартбек Ыбырайұлы, Ардагерлер одағының  (Тәжік – Ауған шекарасында  жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстрына қатысушылардың) Республикалық қоғамдық бірлестігінің  төрағасы, гвардия подполковнигі Мұхамеджанов Мұрат Нұрахметұлы да өз лебіздерін жеткізді.

Батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оларға қашан да ұрпақ атынан көрсетілген тағзым мен шексіз құрмет тоқтамақ емес. Осы орайда форумда батыр бабаларымызды еске алып, үнсіздік минуты жарияланды.

Сонымен қатар, ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған марапаттау рәсімімен жалғасты.

Ұлы Отан соғысының ардагері Нечаев Виктор Василийұлы, Ауғанстан ардагерлері мен мүгедектер одағы бірлестігінің төрағасы Дүйсенбаев Қартбек Ыбырайұлы, Маңғыстау облыстық Ардагерлер ұйымы үйлестіру кеңесінің төрағасы Нұрекешев Саматқа және өзге де әскери қызметкерлерге алғыс хат табысталып, арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Олардың қатарында: 2 ранг капитаны Рафиков Ерхан Досмұханбетұлы, аға лейтенант Тұраров Еркебұлан Мелисұлы, аға лейтенант Калмеков Айдар Байзақұлы, лейтенант Оразов Дәулет Серікұлы, теңіз жаяу әскерлері гвардиясының лейтенанты Өмірбай Дихан Беркімбайұлы,  теңіз жаяу әскерлері гвардиясының лейтенанты Нұрмұқаш Бақтияр Маратұлы, әскери-әуе күштері 30153 әскери бөлімінің лейтенанты Чимбирдиев Никофор Николайұлы, әскери-әуе күштері 30156 әскери бөлімінің лейтенанты Камелов Саттар Амангелдіұлы, әскери-әуе күштері 30153 әскери бөлімінің аға лейтенанты Шақпақов Нұрсұлтан Қабылғазыұлы марапатқа ие болды.

Өр рухты бабаларымыздың,  жауынгер аталарымыздың, ержүрек әкелеріміз бен ағаларымыздың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жетті. Аналарымыздың зары мен сәбилердің жылаған даусы тиылды. Сондықтан айбынды азаматтарымызға қандай құрмет-қошемет көрсетіп, тағзым етсек те көптік етпейді.

Ақтауда патриоттық форум өтті (ФОТО)

Ақтауда патриоттық форум өтті (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз