Бүгін ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Жиынға облыс басшысы мен орынбасарлары, облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары, облыс мәслихатының депутаттары, азаматтық қоғам институттарының жетекшілері мен жастар белсенділері және ҚР Қарулы күштерінің офицерлері мен қызметкерлері қатысты.  

Шара Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың мерекелік құттықтау сөзімен ашылды. «Қазақта «Ерлік – елге ұран, ұрпаққа өнеге» деген сөз бар. Кешегі елімізді жаудан қорғап, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаның ерлік рухы бүгінгі Отан қорғаушыларға үлкен үлгі болары сөзсіз. Әскери қызметкерлерімізді, ардагер ағаларымыз бен аталарымызды, ҚР Қарулы күштер қатарындағы сарбаздарымызды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және барша маңғыстаулықтарды қасиетті Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Қасиетті елдің қасиетті азаматтары байрағымызды көкке көтеріп, Тәуелсіз Қазақстанның туы желбірей берсін!» — деген өңір басшысының лебізінен соң, қорғаныс саласына қосқан үлесі үшін және әскери борышын өтеу кезіндегі мінсіз қызметі үшін әскери қызметшілер мен ардагерлерлер марапатталды.

Атап айтар болсақ, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник БЕКМҰРАТОВ Сейілжан Ерсұлтанұлы, «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалімен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы ЖАЙЛАУБАЕВ Марат Жаңабайұлы марапатталды. ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі Ақтау қ. қорғаныс істері басқармасының кадр бөлімінің бастығы, капитан НҰРҒАЗИЕВ Талғат Тезекбайұлы, капитан, 30153 әскери бөлімі әуе-инженерлік қамсыздандыру бөлімінің ұйымдастыру-жоспарлау қызметінің бастығы ӘБДІРАХМАНОВ Мадияр Құрашұлы, 30153 әскери бөлімінің командалық торап есебі бөлімшесінің  бастығы Кіші сержант, ОРАЗБЕКОВ Мақсұтхан Егізбайұлы, аға сержант, 29011 әскери бөлімінің штабтық батальонының бөлімше командирі ТАСТАЕВ Асқар Еділбайұлы, кіші сержант, 29011 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының жүргізушісі БАЙБОЛОВ Бекбол Орынтайұлына берілді. Сондай-ақ,  «Мемлекеттік шекараны үздік күзеткені үшін» медалі, Кезектен тыс әскери шені, Облыс әкімінің Алғыс хаты да сала мамандарына табысталды.

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО) Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО) Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО) Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО) Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО) Маңғыстауда Отан қорғаушылар, әскери қызметкерлер марапатталды (ФОТО)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз