Мереке қарсаңында Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов бастаған топ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына барып, Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады. Қарияларға қала әкімі, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы, «Бұрғылау» ЖШС-ы атынан қаржылай және тұрмыстық бұйымдар, тәттілер мен жемістер салынған себет табысталды.

Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов  соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады
Қала басшысы бастаған топ ең әуелі 90-ды алқымдаған соғыс ардагері Қуанбай Бөбекбаевтың үйінде болды. Жылда өз өмірін, соғыстағы ауыр күндері туралы сыр шертіп отыратын қария биыл денсаулығы сыр беріп, төсек тартып жатып қалған екен. Әйтсе де, ардагер жеңіспен құттықтай келгендерді жылы шыраймен қарсы алып, елеп-ескеріп жатқандары үшін рахметін жеткізді.
Бұдан кейін басшылар тобы Кеңесбай Еңсегеновтың үйіне барып, ардагердің хал-жағдайын сұрасты. Ақсақал қолын жайып, «елімізде, бүткіл жер шарында әрдайым бейбітшілік орнасын» деп ақ батасын берді. «Бұрғылау» ЖШС-ы басшысы Дүйсенбай Таушанов қамқорлығындағы ардагерге қаржылай сый тарту етті.
Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов  соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтадыСондай-ақ, ардагерлерді құттықтауға Жаңаөзен қаласы бойынша «Жас Отан» жастар қанаты және қалалық жастар ресурстық орталығы да шет қалмай, жастар атынан «Ерлік үшін рахмет!» деп жазылған ескерткіш сыйлығын ұсынды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында 2 ҰОС ардагері және 70 тыл еңбеккері бар. Олардың барлығы Жеңіс күніне орай сыйақыға ие болмақ, яғни мемлекет тарапынан соғыс ардагерлеріне екі жүз жиырма жеті мың, ал тылда еңбек еткендерге тоқсан бір мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілетін болады.

Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов  соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтадыЖаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов  соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады

Жазира Ақбергенова

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз