ҚР Үкіметі 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

«Демалыс күндері:

— 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;

— 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;

— 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.