сот

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу  соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына  қатысты 2 ай мерзімге, яғни осы жылғы 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау  шарасын санкциялады», — деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

ҚазАқпарат