Сайыс 8 ақпан күні басталады. Әр өңірден келген ұшқыр ой иелері 16 ақпанға дейін бәсекеге түспек. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасы хабарлады.

Шахматтан ҚР чемпионатының жартылай финалы Маңғыстауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ өңірге белгілі шахматшы Эдгар Мамедов те ересектер арасында дебют жасамақ. Ол 10 жасқа дейінші спортшылар арасында ҚР абсолютті чемпионы.

Қазақстан халықтары ассамблеясында өтетін жарысқа Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарып жүрген ел спортшылары келмек. Жеңімпаздар Астана қаласындағы финалға жолдама алады.

Сайыс әр күні сағат 16:00-20:00 аралығында өтеді.

Ақтауда шахматтан ҚР чемпионатының жартылай финалы өтеді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз